Тaнымaл әнші Қaйрaт Нұртaс oтбaсын неге 10 жыл бойы құпия сақтап келгенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші жанұясының тыныштығы үшін осындай қадамға барғанын айтты. Ал әйелін өзіне сенгендіктен құпия ұстап келіпті.
«Он жыл бойы отбасымды жасырып қарағаным,
Сол отбасымның тыныштығын қалағаным.
Он жыл бойы әйелімді жасырып келгенім,
Өз-өзіме сенгенім…
Көпшілікке көрсетпей,
Өзім ғана көргенім ….
Он жыл бойы бала-шағамды жасырғаным,
Олар менің қымбат қазынам, асылдарым…
Ал қазағым, қара орман, жасыл бағым,
Бәрі сіздер үшін, барымды жасырмай көрсетіп, бүгін ашылғаным…. Бәрі Сіздер үшін!», — деп өлеңдетіп жазды әнші Instagram желісінде.
© instagram.com/kair_n
Ал мұның алдында Қайрат Нұртас Нарұл есімді баласының суретін жариялаған. «Нарұл атасының баласы», — деп пікір жазды әнші баласының суретін жариялай отырып.
© instagram.com/kair_n
Айта кетейік, таяуда әнші отбасын таныстырып, Астана мен Алматыда дүркіретіп концертін өткізген болатын. Концертте әншінің ата-анасы, әйелі және төрт баласы да өнер көрсетті. Алау Қайратқызы гимнастикалық трюктер жасап, билесе, Нарұл Қайратұлы ән айтты, ал Хан деген ұлы сахнаға ханның тағына отырып шығып, көрерменге биін паш етті. Ал әнші мен әйелі, сонымен қатар, әкесі мен анасы дуэт орындады.
Еске салайық, Қайрат Нұртастың жеке өміріне және оның отбасына қатысты мәліметтер он жылдан артық уақыт бойы құпия болып келген еді. Әнші жұбайын 2017 жылы қазанда өткен «Арман…» (орысша атауы «Когда ангелы спят») атты фильмнің таныстырылымында ғана ел алдына алып шыққан болатын.