16 қыркүйeктe әнші Жaнaр Xaмитoвaның қaзa тaпқaны турaлы xaбaрлaнғaн. Aл 18 қыркүйeктe әншіні Қaрaғaнды oблысындa жeр қoйнынa тaпсырды. Жaнaрдың әріптeстeрінің aйтуыншa, oл әлі бірaз ән шығaруды жoспaрлaғaн eкeн. Tengrinews.kz тілшісі бұл мәсeлeні әнші жaқын aрaлaсқaн өнeр aдaмдaрынaн aнықтaп көрді.
Жaнaр өнeргe қaйтып кeлeр aлдындa, oғaн aлғaшқылaрдың бірі бoлып қoлдaу көрсeткeн жaс әнші Әбубәкір Ужaзoв eкeн. Oл Жaнaрғa көмeктeсу мaқсaтындa «Aрмaндaймын» әнін ұсынғaн eкeн. Әбубәкірдің айтуынша, ән Жанарға бірден ұнаған.
«Армандап шығарған ән»
«Қасымдағы достарым мен бауырларыммен Жанардың ыңғайына қандай ән келеді екен деп ойланып көрдік. Бұл әнді Жанарға тыңдатып көрген кезде, ол бірден ұнатып, «хит болатын ән ғой» деді. Сөйтіп, өзімізше жорамалдап, армандап шығарған әніміз ғой. Әнін Әли Жорабеков деген досым, ал сөзін Ерболат Қарақойшы деген атыраулық ақын бауырымыз жазған», — дейді Әбубәкір.
Әншінің айтуынша, олар бірнеше ән жазып, бейнеклип түсіруі керек болған.
«Әрине, оның бәрі бірден бола қоятын нәрсе емес қой. Бірінші әнді халық қалай қабылдайды екен деген оймен ұсындық. Одан кейін «Астарлы ақиқат» бағдарламасы бейнеклип түсіріп беруі керек болған. Ол жұмыс та аяқталмай қалды. Жанармен тағы екі-үш әнге дуэт орындауымыз керек болған. Осы әндер арқылы біздің ара-қатынасымыз жақсы екенін, халық ойлағандай арамыз суып кетпегенін дәлелдегіміз келген. Сөйтіп жүрген кезде Жанар Қарағандыға кетіп қалып жүрді. Арасында өзімнің де жеке жұмыстарым болды. Ол әндерді Жанар қарап, дайындалып жүрген. Өзі де біраз композитормен сөйлесіп жүрген. Сол кісілерден ән аламын деп айтқан», — дейді әнші.
Ауыл-аймақтарды аралап, концерт өткізгілері келген
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сене алар емеспін. Ардақты Ағайын… Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән жайды анықтап ағасына хабарластым. Өкінішке орай сіздер де менде естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді ЖАНАРДАН айырылып қалдық… Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз ЖАНАР ХАМИТОВА! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын… #ӨміргеКелгеніңРасКеткеніңРасҚалғаныӨтірік #ЖанарХамитова #ЖаныңЖаннаттаБолсын
Әбубәкір мен Жанар Қазақстан бойынша ауыл-аймақтарды аралап, концерт өткізгілері келген екен.
«Астарлы ақиқаттың екінші бағдарламасынан кейін, халық біздің ара-қатынасымызға сызат түсті деп ойлаған. Сол пікірлерді жоққа шығару үшін қасымыздағы бауырларымызбен концерт ұйымдастырып, елді аралағымыз келген. Бәріміз бірге Ақтөбе өңірінен бастап концертке шығамыз деп келіскен болатынбыз. Қыркүйектен бастаймыз деп жоспарлағанбыз. Бір кездескенде солай деп келіскен болатынбыз», — дейді Әбубәкір.
Әбубәкір Жанармен ән студиясында танысқан екен. Кейіннен екеуі «Армандаймын» әнін жазып, дуэт ретінде халық алдына шыққан.
«Той-томалақта 30-40 мыңға болсын ән айтса деп едім»
Жанардың өнердегі тағы бір әріптесі, әнші Алтынбек Тәшімбетовтің айтуынша, ол «Астарлы ақиқат» бағдарламасындағы кездесуден кейін оған тойда бірге өнер көрсетуді ұсынған.
«Жанардың мәселесін естіген кезде көмектессем деген ой болған. Той-томалақта 30-40 мыңға болсын әнін айтса деп ойлағанмын. Әр тойдан солай тауып жүрсе жаман емес қой. Менің қолымнан келетіні сол деп айтқанмын. Бірақ оған дейін барған жоқ. Себебі, Сивидің қол астында жеке жоба ретінде жұмыс бастап кетті ғой. Жалпы өз басым Жанармен ең алғаш Нұржанмен қыз-жігіт болып жүрген кезінен таныспын», — дейді Алтынбек Тәшімбетов.
instagram.com/altynbek_tashimbetov_official
Сонымен қатар Жанар Сиви Махмудидің қоластында болған кезде әнші Рысбек Аташпен «Айтқым келеді» және «Күннен күнге» атты әнге дуэт жазып, бейнеклип түсірген.
Еске салайық, Жанар Хамитова шығармашылық карьерасын Нұржан Керменбаевпен бірге «Арнау» тобында бастап, қазақстандық тыңдармандар арасында танымал болған еді. Бұған дейін ол Super Star KZ жобасына қатысқан болатын.